Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жансейіт Қайнарбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Алайда оның қандай іске байланысты тергеліп жатқаны әзірге белгісіз.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде экс-әкімнің ұсталғаны және оның адам ұрлау оқиғасына қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді.
ҰҚК тергеудің жүріп жатқанын растағанымен, Қайнарбаевқа қандай күдік келтірілгенін нақтылаған жоқ. Сондай-ақ оның ұсталғаны туралы мәліметті де растаған жоқ.
Жансейіт Қайнарбаев 2024 жылдың ақпанынан 2026 жылдың қыркүйегіне дейін Жаңаөзен қаласының әкімі қызметін атқарды. Кейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі болып тағайындалды.
Қазіргі уақытта тергеудің мән-жайы туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.