Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Boxing Metrics жасаған салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшылары рейтингінде мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жоғары орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Qandastar.kz хабарлады.
Жаңартылған P4P рейтингінде WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек алтыншы сатыға жайғасқан. Ал Сауль «Канело» Альварес сегізінші орынға түсті.
Айта кетейік, алдыңғы рейтингте Әлімханұлы бесінші орында тұрған еді. Бұл жолы оны ресейлік боксшы Дмитрий Бивол басып озған.
Қазақ боксшысы кәсіби мансабында әлі жеңіліп көрмеген. Оның еншісінде 17 жеңіс бар, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған. Соңғы кездесуін ол 2025 жылдың сәуір айында өткізіп, франциялық Анауэль Нгамиссенгені техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Қазіргі уақытта Жәнібек мельдонийге байланысты допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін уақытша жарыстардан шеттетілген. Соған қарамастан WBO ұйымы оны әлем чемпионы мәртебесінен айырған жоқ.
Ал мексикалық Сауль Альварес америкалық Теренс Кроуфордтан жеңілгеннен кейін рингке қайта оралуға дайындалып жатыр. 2025 жылдың қыркүйегінде өткен жекпе-жекте «Канело» төрешілер шешімімен жеңіліп, екінші орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеулерінен айырылған еді. Кейін ол шынтағына ота жасатып, біраз уақыт үзіліс алған.
Boxing Metrics рейтингінің алғашқы ондығына Наоя Иноуэ, Александр Усик, Теренс Кроуфорд, Шакур Стивенсон, Дмитрий Бивол, Жәнібек Әлімханұлы, Джай Опетая, Сауль Альварес, Давид Бенавидес және Джесси Родригес енді.
Бокс әлемі де қызық қой. Бір адамды уақытша шеттетеді, бірақ белбеуін қалдырады. Екіншісі барлық титулынан айырылады, бірақ бәрібір рейтингте жүр. Адамзат спорттан драма жасауды Netflix-тен бұрын меңгерген.