Мазмұнға өту
qandastar.

Жас дзюдошы тарихи жеңіске жетті: Қазақстанда Олимпиада чемпионы бар

Малика Хамит
Жас дзюдошы тарихи жеңіске жетті: Қазақстанда Олимпиада чемпионы бар

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Ол дзюдодан 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарының бәрінен басым түсті.

Алтын жүлде үшін өткен финалдық белдесуде Фатима Португалия спортшысы София Гаспармен кездесіп, оны жеңді. Осылайша отандасымыз жарыстың ең жоғары тұғырына көтеріліп, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

Айта кетейік, Фатима финалға дейін де бірнеше мықты қарсыласын жолдан шығарды. Ширек финалда Коста-Рика өкілі Химена Моралес Гамбоаны иппонмен жеңсе, жартылай финалда словакиялық Вивьен Вадовицовадан басым түсті.

Нәтижесінде қазақстандық дзюдошы үш белдесуде жеңіске жетіп, жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp