Мазмұнға өту
qandastar.

Жасанды интеллект жастарға сапалы білім алуға мол мүмкіндік береді

Бақытжан Мұса 17 қаралым
Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, білімін жетілдіруі маңызды екенін атап өтті.

– Жастарымыз осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жасанды интеллектіні еркін меңгерген, әр нәрсеге сын көзбен қарайтын білімді тұлға болып қалыптасқаны маңызды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа технологиялық экономиканың берік негізін қалыптастырғанын айтты. Оның сөзінше, Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басты мақсаты – технологиялық жетістіктерді әр азаматтың игілігіне айналдыру.

– Жаңа технологиялық дәуірде еліміздің лайықты орын алуына қажетті алғышарттар бар. Табысымыз терең білімге, батыл шешімдерге, прагматикалық тәсілдер мен жауапты іс-әрекетке байланысты болмақ, – деді Мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ AI & Digital Bridge алаңы таланттар мен идеяларды біріктіріп, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және жаңа жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Qandastar.kz сайты хабарлады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp