Мазмұнға өту
qandastar.

«Жасыл ойындар»: Ұлытауда 600-ге жуық оқушы экологиялық акцияға қатысты

Бақытжан Мұса 49 қаралым
Қазақмыс
Қазақмыс

«Жасыл ойындар» Ұлытау облысының 600-ге жуық оқушысын біріктірді

Ұлытау облысында «Қазақмыс» компаниясының қолдауымен экологиялық бастама мен спорттық жарысты біріктірген «Жасыл ойындар» акциясы өтті. Оған 5-8 сыныптарда оқитын 600-ге жуық оқушы қатысты. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Акция барысында оқушылар су қоймасы жағалауының аумағын қоқыстан тазалап, абаттандыру жұмыстарына қатысты. Одан кейін 5-6 және 7-8 сынып оқушыларынан құралған командалар футбол және волейболдан жарысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер командалық және жеке марапаттарға ие болды.

2026 жылы «Жасыл ойындар» «Қазақмыс» жұмыс істейтін өңірлерде ұйымдастырылуда. Ұлытау облысынан бөлек, акция Балқаш пен Қарқаралы қалаларында және Қарағайлы кентінде өтті. Жалпы жобаға 2 620 оқушы қатысады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға көп.

Жобаның экологиялық бағыты «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасымен үндеседі. «Жасыл ойындар» аясында оқушылар аумақтарды абаттандыруға қатысып, спорттық жарыстар арқылы командалық жұмыс дағдыларын дамытады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp