Астанада өткен Үкімет отырысында жол қауіпсіздігі мәселесі қаралды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Премьер-министр Олжас Бектенов жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол апаттарына да ерекше назар аударды.
Оның айтуынша, кейбір жол-көлік оқиғаларына жаяу жүргіншілердің өздері себеп болады. Осыған байланысты жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін азаматтарға қатысты жауапкершілікті қатаңдату ұсынылды.
Сонымен қатар реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде жүргізушілердің кінәсінен болатын апаттар да бар.
Бектенов әкімдіктерге мұндай учаскелердегі бейнетіркеу жүйелерін көбейтуді тапсырды. Әсіресе мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарының маңына жаяу жүргіншілерге арналған кері санау таблосы бар заманауи бағдаршамдар орнатылуы керек.