Фото: inbusiness kz
Қазақстандықтар жеке куәлік пен төлқұжатты онлайн түрде ауыстыра алады, деп хабарлайды
ҚР Ішкі істер министрлігі (ІІМ) мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) бірлесіп, мемлекеттік қызметті электронды түрде көрсету бойынша пилоттық жобаны әзірледі.
Құжатқа сәйкес, жеке куәлік пен төлқұжатты электронды үкімет порталы (eGov) және мобильді қосымшалар арқылы онлайн ауыстыруға болады. Бұл қызмет тек мерзімі өткен құжаттарға қолжетімді болмақ.
Қалай өтініш беруге болады?
- Қызметті тек құжатының мерзімі 30 күннен аз уақыт қалған немесе мерзімі 10 күннен аспай өтіп кеткен азаматтар пайдалана алады.
- Өтінішті азамат өзі толтырады.
- Жүйеге сапалы фотосурет пен қолтаңбаны жүктеу қажет.
- Өтініш өңделген соң, дайын құжатты көші-қон қызметінің тиісті бөлімінен алуға болады.