Мазмұнға өту
qandastar.

Желіде «Әділет» партиясының атын заңсыз пайдаланғандар анықталды

Малика Хамит · · 65 қаралым
Желіде «Әділет» партиясының атын заңсыз пайдаланғандар анықталды

«Әділет» партиясы әлеуметтік желілерде өз атауын заңсыз пайдаланып жүрген жалған аккаунттар мен парақшалардың анықталғанын хабарлады, деп жазады qandastar.kz порталы.

Партия мәліметінше, аталған ресурстар өздерін ресми өкілдік ретінде таныстырып, партиялық билет беру, мүшелікке тіркеу және ұйым қызметіне қатысты түрлі ақпарат таратып келген.

«Әділет» партиясы бұл аккаунттардың өз қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті. Сондықтан олар арқылы жарияланған ақпараттың шынайылығына сенбеуге шақырды.

Сондай-ақ партия өкілдері азаматтарға тек ресми ақпарат көздеріне жүгінуді және жеке деректерін күмәнді тұлғаларға бермеуді ескертті.

Ведомство партияның атауы мен рәміздерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін мәлімдеді.

Анықталған фактілер бойынша материалдар тиісті құқық қорғау органдарына жолданып, заң аясында шаралар қабылданатын болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp