Мазмұнға өту
qandastar.

Желіде қасқырдың мүшесін сатып жатыр: бұл заңды ма?

Малика Хамит · · 32 қаралым
Желіде қасқырдың мүшесін сатып жатыр: бұл заңды ма?

Әлеуметтік желіде ұрғашы қасқырдың жыныс мүшесін «тұмар» ретінде сатуға ұсынған видео тарады, деп хабарлайды

порталы.

Жазба авторы оның түрлі мақсатта қолданылатынын айтқан.

Осыған байланысты Экология министрлігі қасқырдың бөліктерін сатуға қатысты түсініктеме берді.

Министрлік мәліметінше, Қазақстанда қасқырлар бақылауға жататын жануарлар санатына кіреді. Алайда олар заң талаптарына сай, тиісті рұқсатпен ауланған болса, жануардың өзі мен оның бөліктері аңшының немесе заңды тұлғаның меншігіне өтуі мүмкін.

Қоршаған ортасынан белгіленген заңды рәсімдерге сәйкес және тиісті рұқсаттармен алынған қасқырлар оларды аулаған жеке немесе заңды тұлғалардың меншігіне айналады. Осы орайда белгіленген тәртіппен ауланған қасқырлардың бөліктері жеке және заңды тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін және Қазақстанның жануарлар өнімдерінің айналымын реттейтін заңнамасының талаптарына сәйкес сатуды қоса алғанда, азаматтық-құқықтық мәмілелердің нысанасы болады
делінген мәлімдемеде.

Яғни қасқырдың дене бөліктерін сату мәселесі оның қалай және қандай рұқсатпен алынғанына байланысты. Заң талаптары сақталған жағдайда мұндай өнімдер азаматтық-құқықтық мәміле нысаны бола алады.

 

@boitumar2626 ҚАСҚЫРДЫҢ САРПАЙЫ МЕНЕН АЛҒАН КІСІЛЕР ТАЗА КЕПКЕН ТІСТЕЛМЕГЕН БҮТІН АЛАДЫ АСЫҒЫ ТІСІ ТЫРНАҒЫ ТЕРІСІ ДЕ БАР ЗАКАЗ БЕРУ ҮШІН ВАТСАПКА ЖАЗЫҢЫЗ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БҮКІЛ ҚАЛАҒА САЛЫП ЖІБЕРЕМІЗ #каскыр #талисман #сила #амулет ♬ оригинальный звук
БОЙТҰМАР
Бөлісу: Telegram WhatsApp