Мазмұнға өту
qandastar.

Желіде тараған әскердегі әлімжеттік видеосына Қорғаныс министрлігі түсінік берді

bahitzhanabzal · · 103 қаралым
Желіде тараған әскердегі әлімжеттік видеосына Қорғаныс министрлігі түсінік берді

Фото: Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты

Әлеуметтік желілерде әскери қызметшілердің бірін сапта тұрған сарбазды ұрып-соғып жатқан сәті бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды qandastar.kz. Аталған жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігі ресми түсінік берді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, видео Қазақстан Қарулы күштеріне еш қатысы жоқ.

«Бұл бейнематериал – Қырғызстандағы «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Баткен» көркем фильмінің үзіндісі. Роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы қосылған. Қазақстан әскерімен байланысы жоқ», – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар министрлік өкілдері БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды. Ведомство жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын да еске салды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp