Мазмұнға өту
qandastar.

Жемқорлар жымқырған 16 млрд теңге ел бюджетіне қайтарылды

Малика Хамит · · 64 қаралым
Жемқорлар жымқырған 16 млрд теңге ел бюджетіне қайтарылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды

порталы.

Комитет сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Атап айтқанда, 2025 жылы 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Сондай-ақ 1 052 қылмыстық іс қозғалып, 969-ына қатысты тергеу аяқталды, оның 860-ы сотқа жолданды.

Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты
делінген мәлімдемеде.

Құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp