Мазмұнға өту
qandastar.

Жемқорлық ісінен кейін ШҚО әкімі отставкаға өтініш берген

Малика Хамит · · 68 қаралым
Жемқорлық ісінен кейін ШҚО әкімі отставкаға өтініш берген

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қызметінен кету туралы өтініш бергенімен, оның отставкасы қабылданған жоқ, деп хабарлайды

порталы.

Бұл ақпаратты облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.

Ресми мәліметке сәйкес, әкім қолданыстағы заңнама талаптарына сай белгіленген тәртіппен отставкаға кету туралы өтініш тапсырған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов белгіленген тәртіппен отставкаға кету туралы өтініш берді
деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Әкімнің отставка туралы өтініш беруіне оның бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық іс себеп болған. Қазақстан заңнамасына сәйкес, саяси мемлекеттік қызметшінің тікелей бағынысты қызметкері жемқорлық құқықбұзушылық жасаған жағдайда, оның басшысы отставкаға кету туралы мәселе көтеруге міндетті.

Алайда өтінішті қарау нәтижесінде Нұрымбет Сақтағановтың аталған қылмыстық іске қатысы жоқ екені ескеріліп, отставканы қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған.

Өтінішті қарау қорытындысы бойынша іске қатысы жоқтығын ескере отырып, оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды
деді баспасөз хатшысы Лаура Жақыпова.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта облыс әкімі өз міндетін штаттық режимде атқарып жатыр.

Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омар биыл сәуір айында жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp