Астана әкімі Жеңіс Қасымбек енді Қазақстандағы үстел теннисінің дамуына да жауап береді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Ол федерацияның кезектен тыс конференциясында ұйым президенті болып сайланды.
Осылайша, қала басшысының міндетіне тағы бір бағыт қосылды. Енді ол елорданы дамыту жұмыстарымен қатар, елімізде үстел теннисінің өркендеуіне де атсалысады.
Айта кетейік, 2027 жылы Астана үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл халықаралық жарысқа әлемнің үздік спортшылары жиналмақ.
Бір қызығы, бұл қызметті бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев та атқарған. Ол 2018 жылға дейін Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды.