2026 жылғы 4 шілдеде Жер бетінде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды. Мамандардың мәліметінше, бұл – жыл басынан бері тіркелген екінші ең қуатты геомагниттік құбылыс. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Ғалымдардың айтуынша, магниттік дауыл болжанған уақыттан шамамен бір тәулікке кеш басталған. Күннен бөлінген плазма ағындары Жерге ертерек жеткенімен, планетаның магнит өрісі біраз уақыт бойы олардың әсеріне төтеп берген.
Алайда түн ортасынан кейін Күн желінің жылдамдығы күрт артып, планетааралық магнит өрісінің бағыты өзгерген. Соның нәтижесінде геомагниттік белсенділік күшейіп, магниттік дауыл басталды.
Алғашында дауыл G3 деңгейінде тіркелгенімен, кейін оның қарқындылығы G3.33 деңгейіне дейін өсті. Осылайша, бұл құбылыс 2026 жылғы ең күшті геомагниттік оқиғалардың бірі саналады.
Еске салайық, биылғы ең қуатты магниттік дауыл 19–21 қаңтар аралығында тіркеліп, оның деңгейі G4.67-ге жеткен болатын.