Мазмұнға өту
qandastar.

Жетісай бағбаны ерекше жеміспен жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 758 қаралым
Жетісай бағбаны ерекше жеміспен жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Достық ауылында ерекше жеміс түрлері өсіріліп жатыр.

Жергілікті дихан Досан Рысбековтың бау-бақшасында биыл алғашқы қызыл өрік пісіп жетілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ерте піскен өнім ауыл тұрғындарының қызығушылығын тудырған.

Бағбанның айтуынша, биылғы маусым тәжірибе мен еңбектің нәтижесін көрсеткен.

Әсіресе, көк алма мен қызыл алманы будандастыру арқылы алынған жаңа алма дақылы көпшіліктің назарын аударып отыр. Қазіргі таңда жаңа сорт алғашқы өнімін бере бастаған.

Дихан өсірген алманың сыртқы келбеті ерекше, ал дәмі кәдімгі алма түрлерінен өзгеше екені айтылуда.

Жергілікті тұрғындар жаңа өнімге қызығушылық танытып, бақшаға арнайы келіп көріп жатыр.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындар мұндай тәжірибелер өңірдегі бау-бақша шаруашылығын дамытуға серпін береді деп есептейді.

Ал дихан алдағы уақытта жаңа жеміс түрлерін көбейтіп, тәжірибені жалғастыруды жоспарлап отыр.

[video width="480" height="864" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/05/video_2026-05-20_20-02-21.mp4"][/video]

Бөлісу: Telegram WhatsApp