Жетісу облысы Текелі қаласында қайғылы оқиға орын алды.
Тұрғын үйдің бірінде болған жанжал салдарынан 45 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға 10 маусымға қараған түні болған.
Алдын ала деректерге сәйкес, ерлі-зайыптылар бірге алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін арасында келіспеушілік туындаған.
Сол сәтте ер адам пышақ жарақатынан ауыр халде қаза болған.
Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады.
Ресми мәліметке сай, күдікті ретінде марқұмның жұбайы танылып отыр.
Қазіргі уақытта ол Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алынған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр және іс прокуратура бақылауында.