Мазмұнға өту
qandastar.

Жетісу облысында алаңда жыртылған мемлекеттік ту желбіреді (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 74 қаралым
Жетісу облысында алаңда жыртылған мемлекеттік ту желбіреді (ВИДЕО)

Желіде Талдықорған қаласындағы алаңда жыртылған тудың видеосы тарады, деп хабарлайды

порталы.

Кадрдан мемлекеттік тудың бірнеше жерден жыртылып кеткенін көруге болады.

«Талдықорған қаласының Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі түсіндірді.

Ұзақ уақыт жауған жауын-шашынға байланысты ту материалы зақымдалған. Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты туды ауыстыру жұмыстары уақытша кейінге қалдырылды. Қауіпсіздік мақсатында қатты желде туды ауыстыру жұмыстары қауіпті, сонымен қатар тудың тросы үзілу қаупі жоғары. Туды ауыстыру жұмыстары жел басылғаннан кейін аяқталады
делінген мәлімдемеде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Чё почём Талдыкорган (@tansari_tdk)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp