Жетісу облысында азаматтардың жеке деректерін заңсыз пайдаланған коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды
порталы.
Облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп жүргізген арнайы шара барысында заңсыз ақпараттық жүйені пайдаланған топтың әрекетін анықтады.
Тергеу мәліметінше, Талдықорған қаласында коллекторлық агенттік қызметкерлері азаматтардың жеке деректерін қамтитын мамандандырылған базаға заңсыз қол жеткізген. Бұл жүйе арқылы адамның аты-жөні, ЖСН-і және телефон нөмірі бойынша ақпарат іздеуге мүмкіндік болған.
Арнайы іс-шаралар нәтижесінде деректер базасын ұйымдастыруға және пайдалануға қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды. Олардың тұрғылықты және жұмыс орындарында тінту жүргізілді
Тексеру барысында компьютерлер, мобильді құрылғылар және дербес мәліметтерді сақтау мен тарату үшін қолданылуы мүмкін басқа да техникалар тәркіленген. Сондай-ақ бірнеше адам қосымша тексеру үшін полицияға жеткізілген.
Қазіргі уақытта ақпаратты заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, құпия деректердің қайдан алынғаны және қандай арналар арқылы таралғаны анықталып жатыр.
Азаматтардың дербес деректерін заңсыз жинау, сақтау, тарату және пайдалану заң алдында жауапкершілікке әкеледі
[video width="1276" height="720" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/06/ZHetysu.mp4"][/video]