Жетісу облысындағы ауылдардың бірінде тұрғындар арасындағы жанжал соңы төбелеске ұласқан, деп хабарлайды
порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеоларда белгісіз адамдардың үйлердің терезесін сындырып, тұрғындарға қоқан-лоқы көрсеткені айтылған.
Оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, жанжалға қатысы бар барлық азаматтың жеке басы анықталған.
Қазір тергеушілер оқиғаның мән-жайын жан-жақты зерделеп, қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайтынын мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ. Кайрат Абдрахман (@taldykorganec.insta_)