Мазмұнға өту
qandastar.

Жетісуда блогер қоқыстан тапқан елтаңба үшін айыппұл арқалады

Бақытжан Мұса · · 90 қаралым
Жетісуда блогер қоқыстан тапқан елтаңба үшін айыппұл арқалады

Интернетте Жетісу облысындағы блогерге қоқыс арасынан тапқан Қазақстан елтаңбасын сақтағаны үшін айыппұл салынғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайға қатысты облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты  KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Telegram-дағы Qumash арнасының жазуынша, Жансүгіров ауылында тұратын блогер Данияр Бейісқали төрт жыл бұрын қоқыстан елтаңбаны тауып алған. Ол мемлекеттік рәмізді тастамай, тазалап, қалпына келтіріп, үйіне іліп қойған. Алайда арада бірнеше жыл өткен соң бұл жағдай жергілікті билікке белгілі болып, блогерге 216 000 теңге көлемінде айыппұл салынған. Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Ақсу ауданы әкімдігінен мемлекеттік рәмізді заңсыз пайдалану фактісі бойынша шағым түскен. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушылыққа жол берген аудан тұрғыны анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылған.

Полиция өкілдері мемлекеттік рәміздер заңмен қорғалатынын атап өтіп, оларды тек белгіленген тәртіпке сай қолдану қажет екенін ескертті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp