Мазмұнға өту
qandastar.

Жетісуда өзен суы көтеріліп, екі жасөспірім құтқарылды

Малика Хамит · · 158 қаралым
Жетісуда өзен суы көтеріліп, екі жасөспірім құтқарылды

Жазғы нөсерден кейін Жетісу облысындағы Өсек өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп, екі жасөспірім қауіпті жағдайда қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Жаркент қаласында болған.

Су тасқыны салдарынан жасөспірімдер өзен жағасына шыға алмай, көпірдің астында қалып қойған.

Оқиға орнына Панфилов ауданы өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Әділ Қайырбек пен Жаркент қаласының тұрғындары Әзімбек Чолаков, Танатар Сатыбалды және Александр Вопьянов жедел жетіп, бірлескен әрекеттің арқасында балаларды өзен ортасынан қауіпсіз жерге алып шықты.

[video width="1280" height="714" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/07/VID_20260710_092930_624.mp4"][/video]

Абырой болғанда, жасөспірімдер зардап шеккен жоқ және медициналық көмекті қажет етпеді. Мамандар тұрғындарды өзен-көлдердің маңында қауіпсіздік талаптарын сақтауға және ауа райы қолайсыз кезде сақ болуға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp