Жетісу облысында тауда жарақат алған жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Жетісу облысының Көксу ауданында таулы жерде жарақат алған жасөспірімге құтқарушылар көмек көрсетті.
Оқиға Мәмбет ауылы маңындағы таулы аумақта болған.
Жасөспірім аяғын жарақаттап алып, өздігінен төмен түсе алмай қалған. Сол сәтте оның жанында әкесі болған.
ТЖМ жедел құтқару жасағының мамандары оқиға орнына жетіп, жасөспірімді тауып алды. Құтқарушылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Кейін зардап шегуші жедел жәрдем бригадасының қызметкерлеріне тапсырылды. Құтқару операциясы сәтті аяқталды.
ТЖМ азаматтарды таулы аймақтарда демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға, маршрутты алдын ала жоспарлауға және күрделі жер бедерінде барынша сақ болуға шақырды.