Мазмұнға өту
qandastar.

Жезқазғанда 6 мың көрерменге арналған жабық стадион салынады

Бақытжан Мұса · · 279 қаралым
Жезқазғанда 6 мың көрерменге арналған жабық стадион салынады

«

» ЖШС мен Ұлытау облысының әкімдігі Жезқазған қаласының спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды. Құжатқа облыс әкімі Есет Байкен мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі қол қойды, дейді

сайты.

Келісім аясында тараптар Жезқазғанда екі ірі спорт нысанын салу жобасын бірлесіп пысықтайды. Оның бірі – 6 мың көрерменге арналған жабық футбол стадионы болса, екіншісі – заманауи теннис орталығы.

Жабық футбол стадионын 2027-2028 жылдары салу жоспарланып отыр. Нысанда жергілікті футбол командалары мен спорт мектептері жыл бойы жаттығу өткізіп, жарыстар ұйымдастыра алады. Сонымен қатар стадион облыстық және республикалық деңгейдегі спорттық додаларға, сондай-ақ түрлі қоғамдық және мәдени іс-шараларға пайдаланылмақ.

Ал теннис орталығының құрылысы 2026-2028 жылдарға жоспарланған. Жоба бойынша жабық және ашық теннис корттары, жаттығу залдары, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар және спортшыларға медициналық көмек көрсету мен қалпына келуге арналған бөлмелер қарастырылған.

Облыс әкімі Есет Байкеннің айтуынша, жаңа нысандар қала тұрғындарына, әсіресе балалар мен жастарға спортпен тұрақты айналысуға мүмкіндік береді.

Біздің басты міндетіміз – облысқа инвестиция тарту қарқынын бәсеңдетпей, жүзеге асырылып жатқан жобалардың нақты нәтижесін халыққа сезіндіру
деді әкім.

«Қазақмыс» компаниясының басшысы Руслан Өскенәлі де әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту компания үшін маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Оның сөзінше, жаңа нысандар тұрғындарға ұзақ жылдар бойы қызмет ететін заманауи спорттық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Меморандумға сәйкес, ендігі кезеңде тараптар болашақ нысандардың техникалық-экономикалық талаптарын, сәулеттік шешімдерін және негізгі сипаттамаларын нақтылайды. Құрылыс жобалары аяқталғаннан кейін оларды қаржыландыру көлемі «Қазақмыстың» өңірдегі әлеуметтік инвестицияларының жалпы бюджетіне қосымша енгізілмек.

Бұдан бөлек, 2026-2027 жылдары Жезқазғанда компанияның бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларын іске қосу жоспарланған. Олардың қатарында мешіт пен Конгресс-орталықтың құрылысы, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, мәдениет нысандарын жөндеу және Кеңгір су қоймасының жағалауын көркейту жұмыстары бар.

Бөлісу: Telegram WhatsApp