Мазмұнға өту
qandastar.

Жезқазғанда әлемдік нейрохирург келді: балалар ауруларын емдеудің озық әдістері таныстырылды

Малика Хамит · · 72 қаралым
Жезқазғанда әлемдік нейрохирург келді: балалар ауруларын емдеудің озық әдістері таныстырылды

«Жезқазған медициналық орталығы» халықаралық деңгейдегі нейрохирургиялық тәжірибені өңірге енгізуде.

Түркияның Medicana Health Group желісімен орнатылған серіктестік аясында орталыққа балалар және функционалдық нейрохирургия саласының әлемге танымал сарапшысы, профессор Erdinç Özek келді, деп хабарлайды

порталы.

Сапар 13 наурызда дәрігерлерге арналған оқу дәрісінен басталды.

Профессор балаларда кездесетін неврологиялық ауруларды диагностикалау және емдеудің ең заманауи әдістерімен таныстырды.

Аутизм, spina bifida, церебралды сал ауруы сияқты күрделі жағдайларға ерекше көңіл бөлінді. Нақты клиникалық жағдайларды талдау мен практикалық ұсыныстар дәрігерлердің қызығушылығын арттырды.

14-15 наурыз күндері профессор 80 науқаспен жеке қабылдау жүргізді. Тұрғындар білікті маманнан кеңес алып қана қоймай, халықаралық стандартқа сәйкес емдеу хаттамаларымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Сапар барысында нейрохирургияның озық бағыттары таныстырылды: дің жасушаларымен емдеу, гидроцефалияны емдеу, бас және жұлын ауруларына хирургиялық ота, сондай-ақ миды терең стимуляциялау (DBS) және VNS-терапия сияқты нейромодуляция әдістері.

Мамандардың айтуынша, мұндай тәжірибе алмасу кездесулері өңірлерде медициналық технологияларды жылдам енгізуге мүмкіндік береді.

Халықаралық байланыс пен серіктестік – пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырудағы негізгі факторлардың бірі
деп атап өтті Жезқазған медициналық орталығының өкілдері.
Бөлісу: Telegram WhatsApp