Мазмұнға өту
qandastar.

Жезқазғанда балалар ауладағы ағаш «сырғанақты» өртеп жіберген

bahitzhanabzal
Жезқазғанда балалар ауладағы ағаш «сырғанақты» өртеп жіберген

Жезқазған қаласында үйлердің бірінің ауласында кәмелетке толмаған үш бала балалар алаңындағы сырғанақты өртеп жіберді. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 7 шілде күні таңғы сағат 4 шамасында болған, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиға орнында қазір тек күйіп кеткен тіреуіштер мен баспалдақ қана қалды – құрылым толығымен жанып кеткен.

Ұлытау облысының полиция департаменті тергеу шаралары нәтижесінде оқиғаға қатысы бар балалардың анықталғанын хабарлады.

Ата-аналарына балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
деді полиция.
Бөлісу: Telegram WhatsApp