Жезқазғанда Металлургтер күніне орай дәстүрлі «Қазақмыс ұлттық ойындары – 2026» ұлттық спорт жарысы басталды, деп хабарлайды
порталы.
Екі күнге созылатын додаға «Қазақмыс» тобына қарасты кәсіпорындардан келген 200 қызметкер қатысып, 13 команда үздіктерді анықтайды.
Салтанатты ашылу рәсімі командалардың шеруімен өтті. Іс-шара барысында компания басшылығы спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қолдау «Қазақмыстың» әлеуметтік саясатының маңызды бағыты екенін атап өтті.
Қазақмыс үшін спорт тек жарыс өткізумен ғана шектелмейді. Компания өңірлерде заманауи спорт инфрақұрылымын дамытып, жаңа спорт кешендерін салып, жас спортшылардың жаттығуына қолайлы жағдай жасауға күш салуда. Өйткені дені сау ұлт пен белсенді ұрпақ – еліміздің жарқын болашағының кепілі», – деді Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Мұқан Үңгітбаев.
Биылғы жарыс Қауіпсіздік жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, таяқ тарту, арқан тарту және садақ ату бойынша бақ сынайды.
Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы дипломдар мен төсбелгілермен марапатталады. Ал қазақ күресінің үздік балуанына дәстүр бойынша чемпиондық белбеу табысталады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұлттық ойындар қызметкерлер арасындағы командалық рухты күшейтіп, қазақтың ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге бағытталған.