Ұлытау облысындағы «Оңтүстік Жезқазған» кенішінде өрт шығып, шахтадағы жұмысшылар қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға 22 қыркүйекте №45 шахта аумағында болған. Алдымен копердің ағаш конструкциялары тұтанған. Өрт шамамен бір сағаттан кейін оқшауланған.
Кейін жалын шахта оқпанының жерасты бөлігіндегі ағаш конструкцияларға тарағаны анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, жалпы ұзындығы 233 метр ағаш қаптама зақымданған.
Төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, №65 шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылған. Барлығы 152 адам жер бетіне шығарылды.
Құтқару қызметтерінің мәліметінше, өрт толық сөндірілген.
Аталған шахта 2025 жылдан бері пайдаланылмай келген.