Мазмұнға өту
qandastar.

Жезқазғанда Қазақмыс жұмыскерлері 5 мыңға жуық ағаш отырғызды

Бақытжан Мұса 59 қаралым
Қазақмыс
Қазақмыс

Ұлытау облысында «Қазақмыс» кәсіпорындарының жұмыскерлері «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жезқазған қаласында 5 мыңға жуық ағаш көшетін отырғызды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Экологиялық акция барысында терек, қарағаш, шаған, үйеңкі және сары қараған көшеттері егілді. Олар қаланың батыс бөлігіндегі тұрғын алаптың қорғаныш орман белдеуіне және Жезқазған–Сәтбаев автожолының бойына отырғызылды.

Көгалдандыру жұмыстары «Қазақмыс» компаниясы мен Ұлытау облысының әкімдігі арасындағы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды. Көшеттерді отырғызу алдында мамандар аумақты дайындап, арнайы орындарды әзірледі.

Жаңа жасыл желек қорғаныш аймақтарын қалыптастыруға, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және автожол бойындағы аумақты көгалдандыруға мүмкіндік береді.

Өңірдің қуаң климатын ескере отырып, отырғызылған көшеттерді күтіп-баптау және олардың жерсінуін қамтамасыз ету маңызды. «Қазақмыс» жұмыскерлерінің экологиялық акцияға қатысуы өңірді көгалдандыруға және өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp