Жезқазған қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өздігінен жүріп-тұра алмайтын әйелді үйіне жеткізді. Оқиға Иманжан көшесінде болған. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері әйелді зембілге салып, тұрғылықты жеріне дейін жеткізген. Кейін оны үйіне кіргізіп, төсекке жатқызған.
Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылардың қиын жағдайға тап болған азаматтарға әрдайым көмек көрсетуге дайын екенін еске салды.