Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нидерландтың Гаага қаласында өтіп жатқан ITF W75 санатындағы халықаралық турнирдің екінші айналымына жолдама алды. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады.
Алғашқы кезеңде отандасымыз турнирдің бірінші нөмірлі теннисшісі, италиялық Нурия Бранкаччомен кездесіп, тартысты матчта жеңіске жетті. Кездесу 2:6, 6:1, 6:4 есебімен Жібек Құламбаеваның пайдасына аяқталды.
Осылайша қазақстандық спортшы жарыстың ширек финалына шығу үшін Германия өкілі Йоэль Штойрмен кортта кездеседі.