Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Колумбияның Сопо қаласында өткен WTA 125 санатындағы турнирде жұптық сында чемпион атанды. Отандасымыз словениялық Вероника Эрьявецпен бірге финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.
Шешуші кездесуде қазақстандық-словениялық жұп чехиялық Лора Самсон мен словениялық Тамара Зиданшекке қарсы ойнады. Тартысты өткен матчта Құламбаева мен Эрьявец 5:7, 6:2, 14:12 есебімен басым түсті.
Бұл Жібек Құламбаеваның биылғы маусымдағы сегізінші және WTA 125 санатындағы турнирлердегі екінші титулы болды. Бұған дейін қыркүйек айында ол австралиялық Габриэлла Фикпен бірге Португалияда өткен осы санаттағы жарыстың жұптық сынында жеңімпаз атанған еді.
Жалпы, 2026 жылы қазақстандық теннисші жұптық сында жеті титул жеңіп алды. Оның алтауы ITF турнирлерінде тіркелген. Сонымен қатар ол Үндістанда өткен ITF W15 жарысының жекелей сынында да топ жарды.
Колумбиядағы жеңісінің арқасында Жібек Құламбаева әлемдік рейтингтегі жеке рекордын жаңартады. 16 қарашада жарияланатын WTA рейтингінде отандасымыз 86-орынға көтеріледі.