Мазмұнға өту
qandastar.

"Жігіт кедергі жасады": Қызылордада қыздар төбелесіп қалды

bahitzhanabzal · · 266 қаралым
"Жігіт кедергі жасады": Қызылордада қыздар төбелесіп қалды
Фото: видеодан скриншот
Қызылордада саябақтардың бірінде екі қыз төбелесіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған видеодан қыздардың бірі екіншісін жұдырықпен ұрып-соғып, тепкенін байқауға болады. Бір жігіт ажыратуға келіп, өзі де бойжеткенмен төбелеске кірісіп кеткен. Ер адамның соққысынан қыз жерге құлап, оған самокат лақтырған. Сосын екеуі бірін-бірі ұрып соққан.

Олардың жекпе-жегіне желі қолданушылары түрліше пікірлерін жаудырды.

Қызылорда қаласы полиция департаменті оғиғаға қатысты түсіндіктеме берді.

"Қызылорда полициясы жастар тобының бұзақылық әрекеттерін тоқтатты. Қылмыстық іс қозғалды. Төбелескендердің аты-жөндері анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін  Ақмола облысында

туралы жазған едік.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp