Zoom-дағы жиналыста вейп шеккен депутат айыппұл арқалады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қарағанды облысында мәслихат төрағасы онлайн жиналыс кезінде электронды темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оқиға Осакаров ауданында болған. Полиция әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде Zoom платформасында өткен кеңестің видеосына назар аударған. Кадрдан ер адамның қызметтік кабинетте электронды темекі пайдаланғаны көрінеді.
Полиция қызметкерлері видеодағы азаматтың кім екенін анықтады. Ол — Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы болып шықты.
Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша оған айыппұл салынып, әкімшілік шара қолданылған.