Мазмұнға өту
qandastar.

Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қарамайтынын мәлімдеді

bahitzhanabzal · · 269 қаралым
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қарамайтынын мәлімдеді

Фото: Спутник.кз

Қазақстан азаматы Қайыргелді Смағұлов Қазақстанның экс президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық мүлкін мемлекет пайдасына өндіру үшін үшінші рет сотқа жүгінді, - деп хабарлайды qandastar.kz.

Кассациялық алқа талапты одан әрі қарауға негіз жоқ деп тапты.

«Өтініштің дәлелдерін зерделей келе, судья сот актілерін қайта қарауға негіз жоқ деп есептейді», - делінген Жоғарғы соттың қаулысында.

Бұған дейінгі соттар шешімдерінде "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" заңға сілтеме жасап, оған сәйкес Назарбаевты президент ретіндегі өкілеттіктерін орындауға байланысты әрекеттері үшін жазалауға болмайды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp