Мазмұнға өту
qandastar.

Жойқын өрт болып жатқан Калифорния штатында 73 қазақстандық студент бар

bahitzhanabzal · · 187 қаралым
Жойқын өрт болып жатқан Калифорния штатында 73 қазақстандық студент бар

Фото: ашық дереккөз

Жойқын өрт болып жатқан Калифорния штатында 73 қазақстандық студент бар, деп жазады qandastar.kz

Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» хабарлады. Оның ішінде 56-сы «Болашақ», ал 17-сі ғылыми тағылымдама бағдарламасының стипендиаттары. Барлығы аман-есен, кураторлармен байланыста.

«Стипендиаттар жергілікті билік органдарының ұсыныстарын орындап, жағдай туралы бізге жедел түрде хабарлап отырады. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз және кез келген өзгеріске жылдам әрекет етуге дайынбыз», – делінген хабарламада.

хабарлағандай, орталық барлық стипендиатты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp