Мазмұнға өту
qandastar.

Жол апатынан кейін экс-депутат Бақытжан Базарбек Құланға көшкенін айтты

Малика Хамит · · 49 қаралым
Жол апатынан кейін экс-депутат Бақытжан Базарбек Құланға көшкенін айтты

Жол апатына түскен экс-депутат Бақытжан Базарбек Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылында Құрылтай сайлауына қатысып, дауыс берді.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды

порталы.

Базарбек Құлан ауылына ауыр халде жатқан Нұржігіттің жанында болу үшін көшіп келгенін айтты. Оның сөзінше, Нұржігіт есін жиғанша ауылда қалмақ.

Ауыр халде жатқан Нұржігіттің жанында болуым қажет болғандықтан, Құлан ауылына көшіп келдім. Алдағы уақытта Нұржігіт көзін ашқанша осы ауылда боламын
деп жазды экс-депутат.

Бақытжан Базарбек Алматы қаласының Бостандық ауданында тіркелгендіктен, Құланда дауыс беру үшін уақытша тіркеуге тұрғанын және тиісті открепительный талон алғанын атап өтті.

Ол сондай-ақ жаңадан сайланатын Құрылтай депутаттарына сәттілік тілеп, халық пен ел игілігі үшін адал қызмет ететініне сенім білдірді.

Болашақ Құрылтай мен оның депутаттарына сәттілік тілеймін! Халық үшін, ел үшін адал еңбек ететіндеріңізге сенемін
деді Бақытжан Базарбек.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Бакытжан Базарбек (@bakytzhan.bazarbek)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp