Мазмұнға өту
qandastar.

Жол бойындағы жағымсыз иіс қайдан шықты? ҚазАвтоЖол түсініктеме берді

Малика Хамит · · 23 қаралым
Жол бойындағы жағымсыз иіс қайдан шықты? ҚазАвтоЖол түсініктеме берді

ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар автожолдар бойындағы демалыс орындарында санитарлық талаптардың жиі бұзылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды

порталы.

Компанияның айтуынша, кейбір жүргізушілер мен жолаушылар кезек күткісі келмей, арнайы дәретхананы пайдаланудың орнына оның сыртын ластайды.

Соның салдарынан демалыс аймақтарында жағымсыз иіс пайда болып, аумақтың тазалығы мен санитарлық жағдайы нашарлап барады.

ҚазАвтоЖол республикалық трассалар бойында жолаушыларға арналған жылы және салқын санитарлық тораптардың жұмыс істейтінін еске салып, оларды дұрыс пайдалануға шақырды.

Сондай-ақ компания азаматтарға қоқысты арнайы жәшіктерге тастап, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауды және тазалықты қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлердің еңбегін құрметтеуді сұрады.

Тазалық – әр азаматтың жауапкершілігі. Жол мәдениеті өзімізден басталады
деп атап өтті ҚазАвтоЖол.

[video width="1080" height="1920" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/08/VID_20260805_151601_700.mp4"][/video]

Бөлісу: Telegram WhatsApp