Мазмұнға өту
qandastar.

Жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

bahitzhanabzal · · 496 қаралым
Жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Шилібастау станциясында №4 "Астана – Алматы-2" жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды qandastar.kz.

"Қазақстан темір жолы" компаниясының мәліметінше, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Отар-Алматы учаскесінде туындаған техникалық себептерге байланысты №4 "Астана-Алматы-2" пойызының қозғалысы тоқтатылды.

Осы жағдайға байланысты, №4 "Астана-Алматы-2" пойызының жолаушылары басқа пойызға көшірілген.

"Жолаушыларды стандартты вагондардан құралған №504/503 "Алматы-2-Отар-Алматы-2" бір реттік пойызы тасымалдайды. Осы пойыздың жолаушыларына багажды және жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес айырма төленеді", - делінген хабарламада.

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша ақпаратты "1433" нөмірі арқылы алуға болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp