Мазмұнға өту
qandastar.

Жолаушыларды шошытқан «пранк»: Қызылордада жас жігіт жауапқа тартылды

Малика Хамит · · 28 қаралым
Жолаушыларды шошытқан «пранк»: Қызылордада жас жігіт жауапқа тартылды

Қызылордада лифт ішінде төбелес ұйымдастырып, оны әлеуметтік желіге түсірген 20 жастағы жігіт жауапқа тартылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Полиция әлеуметтік желілерді бақылау кезінде лифт ішінде түсірілген жанжал видеосына тап болған. Кадрларда екі азаматтың сөзге келіп, кейін төбелеске кіріскені көрінеді. Мұндай әрекет лифттегі басқа жолаушыларға да қауіп төндірген.

Алайда видео соңында жігіттер болған жағдайдың шын жанжал емес, «пранк» екенін түсіндірген.

[video width="568" height="320" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/08/YouCut_20260812_151203809.mp4"][/video]

Полиция бейнежазбаға қатысты тексеру жүргізіп, оның авторларының бірін — Қызылорда қаласының 20 жастағы тұрғыны Қасымбек Нұрсұлтанды анықтады.

Іс сотқа жетіп, азаматқа айыппұл салынды.

Полиция өкілдері көпшіліктің қауіпсіздігіне қатер төндіретін мұндай «әзілдерден» бас тартуға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp