Мазмұнға өту
qandastar.

Жұбайымен жыныстық қатынастан бас тартқан адам түрмеге қамалуы мүмкін

Малика Хамит · · 123 қаралым
Жұбайымен жыныстық қатынастан бас тартқан адам түрмеге қамалуы мүмкін

Гана мемлекетінде жұбайымен жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқан адам екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Ghana News Agency басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті полиция қызметкері Денниса Фякпуидің айтуынша, мұндай мінез-құлықты эмоционалдық зорлық-зомбылықтың бір түрі деп санауға болады.

Бұл әйелдерге де, ерлерге де қатысты болмақ. Яғни, егер ол адам кінәлі деп танылса, «құқық бұзушы» екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ егер күйеуі пісірген тағамдарын жеуден бас тартса немесе үйге кеш оралса, әйел полицияға шағымдана алады.

Бұл «эмоционалдық зақым келтіру» ретінде жіктеледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp