Мазмұнға өту
qandastar.

Жұмыссыздарға салық салу ұсынылды

bahitzhanabzal · · 171 қаралым
Жұмыссыздарға салық салу ұсынылды

Ресейде жұмыссыз азаматтар төлейтін міндетті төлем енгізу ұсынылды. Ресей Федерациясы үкіметінің жанындағы Қаржы университеті мамандарының пікірінше, жұмыссыздар ай сайын 2 900 рубль көлемінде міндетті медициналық сақтандыру қорына жарнааударуға тиіс, деп хабарлайды qandastar.kz сайты.

Бұл бастама жалға беруден пайда табатын азаматтарға, ауқатты ата-аналардың балаларына, үй шаруасындағы әйелдерге және ресми жұмыссыздарға қатысты болмақ.

Мамандардың айтуынша, мұндай азаматтар да қоғамдық игіліктерді – жолдарды, медицина мекемелерін пайдаланады, алайда олар мемлекетке тікелей салық төлемейді. Сондықтан олар да елдің әлеуметтік шығындарын қаржыландыруға қатысуға тиіс деп есептейді.

Қазір бұл бастама тек ұсыныс сатысында. Қоғамда түрлі пікір туғызып үлгерген идея заңнамалық бастамаға айнала ма – оны уақыт көрсетеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp