Қазақстандықтар жол жүру ережелері бойынша теориялық тестілеуден ХҚКО-ға бармай-ақ өте алады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Ол үшін ноутбук немесе компьютер болса жеткілікті.
Жаңа қызметті пайдалану үшін eGov Mobile қосымшасына кіріп, «ХҚКО қызметтері» бөлімінен «Теорияны онлайн тапсыру» қызметін таңдау қажет. Одан кейін қажетті санатты көрсетіп, төлем жасап, жеке кабинетке келетін сілтеме арқылы емтиханға қатысуға болады.
Емтихан сілтемесі төлем жасалған күннен бастап 30 күн жарамды. Тестілеу кезінде үміткердің жеке басы сәйкестендіріліп, барлық әрекеті арнайы жүйе арқылы бақыланады.
Айта кетейік, емтиханды бұрынғыдай ХҚКО-да тапсыру мүмкіндігі де сақталған.