Мазмұнға өту
qandastar.

«Жүріп те үлгермедік»: Өскемен маңындағы жаңа жол неге бұзылды

Малика Хамит · · 72 қаралым
«Жүріп те үлгермедік»: Өскемен маңындағы жаңа жол неге бұзылды

Шығыс Қазақстандағы "жаңа" жолдың видеосы желіні шулатты.

Тұрғындар бір жыл бұрын ғана төселген асфальттың қайта қазылып жатқанын көріп, «миллиондар далаға кетті» деп ашуланды, деп хабарлайды

порталы.

Әлеуметтік желіде тараған кадрларда Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахманов бұлақтары бағытындағы жолдың жаңа жабыны алынып тасталғаны көрінеді.

Видео авторы «бұл жолмен ешкім жүріп те үлгермеді» деп наразы болды.

Желі қолданушылары арасында «сапасыз жұмыс», «бюджет ақшасы босқа жұмсалды» деген пікірлер көбейді.

Осы жағдайға байланысты «ҚазАвтоЖол» ресми түсініктеме берді.

Компания мәліметінше, аталған учаскедегі асфальтты өткен жылы бұрынғы мердігер төсеген. Алайда тексеріс кезінде жол сапасы талапқа сай болмай шыққан.

Ұлттық сапа орталығы жүргізген сынақ нәтижесінде асфальт-бетон қоспасының нормативтік талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Осыған байланысты орындалған жұмыс қабылданбады
деп хабарлады компания.

Ведомствоның айтуынша, жолды пайдалануға рұқсат берілмеген. Биыл бұл аумақта жабынды толық қалпына келтіретін жаңа мердігер анықталған.

Қазір ескі асфальт алынып, қайта төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от REIS_UKG (@reis_ukg)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp