Журналист «ВД Строй-Инжиниринг» компаниясы мен оның директоры Азамат Үсімбековке қатысты бұған дейін жариялаған мәліметтерін ресми түрде жоққа шығарып, ақпараттық хат-мәлімдеме жасады.
Өз мәлімдемесінде журнались 2026 жылдың 20 ақпаны мен 7 наурызы аралығында жарияланған материалдарда шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратқанын мойындады.
Атап айтқанда, жарияланымдарда «ВД Строй-Инжиниринг» компаниясы мен оның басшысы Астанадағы ат спорты кешенінің құрылысына қатысқан «Ремстрой-1» жұмысшыларына ақша төлемей отыр деген мәліметтер айтылған. Алайда журналист кейін бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
Журналист компания басшылығының қатысуымен қарыздың жоқ екенін дәлелдейтін құжаттармен танысқанын, соған қарамастан ақпарат жариялауды жалғастырғанын айтты.
Мен шынайылық, объективтілік және бейтараптық қағидаларын, сондай-ақ “Масс-медиа туралы” заңда көрсетілген журналистиканың негізгі талаптарын елемедім
Журналистің сөзінше, мұндай әрекетке аудиторияның қызығушылығын арттыру және жаңа жазылушылар жинау ниеті себеп болған.
Мәлімдемеде Омарова жарияланған материалдар компания мен оның құрылтайшыларының іскерлік беделіне нұқсан келтіргенін мойындап, ресми түрде кешірім сұрады. Сондай-ақ ол өз аудиториясынан да кешірім сұрап, оқырмандарды жаңылыстырғанына өкініш білдірді.
Бұдан бөлек, журналист Қылмыстық кодекстің жалған ақпарат таратуға қатысты 274-бабын бұзғанын түсінетінін және жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.
Сөз соңында журналист әріптестерін ақпаратты мұқият тексеруге және кәсіби стандарттарды сақтауға шақырды.