Мазмұнға өту
qandastar.

Журналист Ботагөз Омарова құрылыс компаниясына қатысты мәліметтерді жоққа шығарды

Бақытжан Мұса · · 775 қаралым
Журналист Ботагөз Омарова құрылыс компаниясына қатысты мәліметтерді жоққа шығарды

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист Ботагөз Омарова «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС мен компания директоры Ә.Е. Усимбековке қатысты бұған дейін жарияланған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, дейді Qandastar.kz.

Оның айтуынша, 2026 жылдың 20 ақпаны мен 7 наурызы аралығында Instagram желісіндегі 101tv.kz парақшасы мен «Айтпа, Ботагоз» Telegram-арнасында компанияның Астанадағы ат спорты кешенінің құрылысына қатысқан мердігер ұйым қызметкерлеріне қарызы бар деген ақпарат тараған.

Кейін журналист компания басшылығы ұсынған құжаттармен танысып, «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС-нің «Ремстрой-1» ЖШС алдында қарызы жоқ екенін растады.

Ботагөз Омарова жарияланған мәліметтердің нақты тексерілмегенін мойындап, компаниядан және оқырмандардан кешірім сұрады. Сонымен қатар ол әріптестерін ақпараттың анықтығына мұқият қарауға шақырды.

Толығырақ: Ботагөз Омарова.

Бөлісу: Telegram WhatsApp