Мазмұнға өту
qandastar.

Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 72 қылмыс ашылған

Малика Хамит · · 131 қаралым
Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 72 қылмыс ашылған

Жыл басынан бері Қазақстанда адам саудасына қатысты 72 қылмыс анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлім болды.

Ведомствоның мәліметінше, дәстүрлі түрде кездесетін мәжбүрлі еңбекке тарту, қайыр сұрату, сексуалдық қанау және адам ағзаларын заңсыз алу фактілерімен қатар, соңғы уақытта азаматтарды кибералаяқтық пен басқа да заңсыз әрекеттерге тартуға негізделген жаңа схемалар жиілеп келеді.

Жыл басынан бері адам саудасының 15 құрбанына қажетті көмек көрсету үшін олар әлеуметтік қызметтерге жіберілген.

Отырыс барысында қатысушылар адам саудасын ерте анықтау тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ халықтың бұл мәселеге қатысты ақпараттану деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp