Мазмұнға өту
qandastar.

Жылқы байланған арқанды байқамай қалған: Риддерде жасөспірім қаза болды

Малика Хамит · · 28 қаралым
Жылқы байланған арқанды байқамай қалған: Риддерде жасөспірім қаза болды

Риддерде 13 жастағы жасөспірім мотокөлікпен жүріп, қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға 23 тамызда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бала тұрғын үй маңында спорттық мотокөлік құралын басқарып келе жатқан. Сол сәтте ол жылқыны бағанаға байлап тұрған арқанға соғылып, ауыр жарақат алған. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.

Мотокөлікте болған 15 жастағы жолаушы да жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір апаттың нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр. Жылқының иесі анықталып, полицияға жеткізілді.

Полиция ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті. Малдарды жолға жақын жерде жаюға және айдап өтуге болмайды.

Құқық қорғау органдары ата-аналарға да балалардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеуге шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp