Франция ұлттық құрамасында бас бапкер ауысады, деп хабарлайды
порталы.
Танымал инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, команданы енді футбол аңызы Зинедин Зидан жаттықтырады.
Ақпаратқа сәйкес, ұзақ жыл бойы ұлттық құраманы басқарған Дидье Дешам үшінші орын үшін өтетін матчтан кейін қызметінен кетеді.
Осылайша оның дәуірі аяқталып, Франция құрамасының тізгіні Зиданға табысталады.
Фабрицио Романо: «Дидье Дешамның Франция құрамасындағы кезеңі аяқталды. Үшінші орын үшін матчтан кейін ол қоштасады, ал одан кейін Зинедин Зидан дәуірі басталады
Егер бұл ақпарат ресми түрде расталса, Зидан бапкерлік мансабындағы жаңа әрі ең маңызды кезеңдердің бірін бастайды.
Бұған дейін ол мадридтік «Реалды» бірнеше мәрте ірі халықаралық жетістіктерге жеткізген еді.