Жаңалықтар

«Артында аты жоқ адам тұр»: танымал заңгер Арман Дүйсеновтың әйелімен жұмыс істемейтінін айтты

Шерзат Полат ісінен кейін танылған Мейірман Шекеев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Айсұлу Дүйсенова жайлы айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Көп азаматтар, журналистер Айсұлу Дүйсенованың істері жайлы жазып жатқандықтан, осылай жауап беруге тура келеді. Мейрман істі тастап кетіпті, болмаса қорқып қалыпты- деген сияқты түрлі әңгімелер тарамас үшін, алдарыңызға шығып, шындықты айтуды жөн көрдім. Біз бұл іске @ruslan_utepbai екеуіміз мұқтажда емес едік. Тек бар ниетіміз қолдан келгенше көмектесу еді. Халықтың өтінішін жерге тастамау еді», — деп жазды ол.

Айтуынша, оқырмандарының өтініші бойынша Арман Дүйсеновтың әйелімен жүздесіп, істің мән-жайымен танысқан.

«Құрметті достар, сіздердің өтініштеріңізбен Арман Дүйсеновтың әйелі осында келіп, істің мән-жайын баяндап, біз адвокаттармен бірлесе отырып, осында сөйлесіп, қай бағытта жұмыс жасайтынымызды белгілеп, бұл істі өндірісіме алған болатынмын. Бұл жайлы мен бейнежазба жарияладым. Десе де біраз уақыт өткеннен кейін Айсұлу ханым бұл іске менің өкіл ретінде қатыспауымды сұрады.  Бұның артында Өзбекәлі Жәнібековтың кейіпкері «аты жоқ адам» тұрғанын мен сеземін», — дейді заңгер.

Айтуынша, белгісіз біреу түрлі тәсілмен заңгерді бұл істен шеттеткен.

«Өкініштісі Айсұлу ханымның заңгерді таңдамай, басқа адамдардың сөзін тыңдағаны, іске кесірі тимесе екен деп ойлаймын. Қазіргі таңдағы адвокаттары да өте кәсіби. Сондықтан ол адвокаттардың өздері істі алып шығады деген ойдамын. Ал сіздерден кешірім сұраймын», — деді Шекеев.

Айтуынша, қоғам мүшесі және осындай қиын жағдайда бей-жай қарамайтын азамат ретінде бұл істі назарынан тыс қалдырмайды.

Айта кетері, бұған дейін Арман Дүйсеновтың әйелі 140 млн теңгелік пәтерінен айырылып қалуы мүмкін екенін айтып, президенттен көмек сұраған болатын.

Сондай-ақ марқұм ұлы Абылай Арманұлының жұмбақ өлімінің тергеуі де ілгерілемей тұрғанын айтқан.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button