
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты салдарынан бесінші баласына аяғы ауыр әйел мен жұбайы қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Ақсу-Бестөбе-Изобильное тас жолында болған.
LADA Largus пен Toyota Land Cruiser Prado көліктері соқтығысқан.
«Апат салдарынан LADA Largus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Марқұмдар төрт баланы тәрбиелеп отырған.
Әйел бесінші баласына жүкті болған.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жол қауіпсіздігін сақтаудың маңызын еске салып, әсіресе көлік қозғалысы тығыз учаскелерде жылдамдықты асырмауға және көліктің техникалық жағдайын үнемі бақылауда ұстауға шақырды.



